Мысырда 4500 жыл бұрынғы қабірден қазына табылды
Мысырдың Мемфис қаласында орналасқан Саккара қорымынан ежелгі дәуірге тиесілі құнды қазыналар мен саркофаг табылды, деп хабарлайды
Бұл туралы Kazinform агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап жариялады.
Қабір біздің дәуірімізге дейінгі 2649-2150 жылдарға сай келеді. Ол жерде тарихтан сыр шертетін бейіттер мен жәдігерлер бар.
«Бұл аймақтың тарихы туралы баға жетпес ақпарат береді», – дейді жапондық сарапшы Нозому Кавай.
Мысырдың Туризм және көне жәдігерлер министрлігінің хабарлауынша, археологтар қабірден сирек қазыналар, ашық түсті бетперде және біздің заманымызға дейінгі 2890-2686 жылдарда өмір сүрген кішкентай баланың қалдықтары табылған.
Сонымен қатар ол жерден жерлеу рәсімдерімен байланысты болған ежелгі Египет құдайы Исис пен үнсіздік пен құпия құдайы деп аталған Гарпократтың терракоталық екі мүсіні табылған.
Табылған заттар арасында Стела, Героид есімді адамдарға тиесілі екенін көрсететін жазуы бар тас тақта, түрлі тұмарлар мен қыш ыдыстар да бар.
Айта кетейік, Саккара – Мысыр астанасы Мемфистің үлкен қорымы. Бұл ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра нысандарын және оннан астам пирамиданы қамтиды. Оның ішінде әйгілі Гиза пирамидалары, сондай-ақ Абу Сир, Дахшур және Абу Рувейстегі кішірек пирамидалар да бар.