"Навальный есімін жаздым". Юлия Навальная Берлиндегі Ресей елшілігінде дауыс берді
«Мен Навальный есімін жаздым». Юлия Навальная Ресей президентінің сайлауына Берлиндегі Ресей елшілігінде дауыс берді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы DW жариялады.
"Сізді менің бюллетеньде не жазғаным, кімге дауыс бергенім қызықтыратын шығар. Әрине, мен Навальныйдың есімін жаздым", - деді ол.
Юлия журналистерге президенттік науқан кезінде, сайлауға бір ай қалғанда Путиннің басты қарсыласы өлтірілгенін айтты.
Юлия Навальная «Путинге қарсы түскі уақ» акциясына қатысып, дауыс беру үшін ұзын-сонар кезекке тұрғандардың бәріне алғыс айтты.
Жауап ретінде адамдар «Юлия, біз сенімен біргеміз!» деп ұрандатты.
Айта кетсек, Германияның Бонн қаласында «Путинге қарсы түскі уақ» акциясы өтті. Президенттік сайлауда дауыс беру өткен Ресей Федерациясының Бас консулдығына адамдар плакаттармен келді. Акцияны Freies Russland NRW қауымдастығының оппозицияшыл ресейліктері жүзеге асырды. Фото сол жерден.