Неміс саясаткері: Навальныйды әдейі Мюнхен конференциясы ашылғанда өлтірді

18 ақпан 2024 18:00 / Мир

 Неміс саясаткері Юрген Хардттың мәлімдеуінше, Путин Мюнхен конференциясының ашылу күні Навальныйды әдейі өлтірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

HDC сыртқы саясат жөніндегі сарапшысы Юрген Хардт BILD басылымына берген сұхбатында осындай баға берді.

«Тынымсыз еңбегінің арқасында Навальный Ресейдің ғана емес, Путиннің де символына айналды. Әлем көшбасшылары мен Навальныйдың әйелі Мюнхенде Путиннің агрессиясы туралы айтып жатқанда, Путин бұл символды о дүниеге аттандыра салды», - деді Юрген Хардт.

BILD шолушысы жазғандай, Путин Батысқа және Мюнхен қауіпсіздік конференциясына жеккөрінішін білдіру үшін 16 ақпанды таңдаған болуы мүмкін. Кремль диктаторының өзі әзірге Навальныйдың өліміне қатысты пікір білдірген жоқ. Бірақ жұма күні Челябі зауытына барған кезде Путин бірнеше рет күлді (суретте), Яғни өлім туралы хабарланған соң, бір-екі минут өткен уақытта. 

Серіктес жаңалықтары