Netflix жұлдызы Газа секторында ауыр жарақат алды
Netflix жұлдызы, Израиль актері, «Фауда» телехикаясының жұлдызы Идан Амеди Газа секторында Хамас содырларына қарсы операция кезінде ауыр жараланды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл ақпаратты оның жақын туыстары растады, - деп жазады BILD.
35 жастағы Амедидің қандай жағдайда жарақат алғаны әзірге белгісіз. Израильдік БАҚ оның Тель-Хашомердегі "Шеба" ауруханасына жеткізілгенін хабарлады. Walla News ондағы дәрігерлер актердің денесінен жарықшақтарды алып шыққанын айтады.
Амедидің әкесі журналистерге қазір ұлының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді және бүкіл отбасы Иданның денсаулығы үшін дұға етуде.
Амеди соғыстың алғашқы күндерінде 7 қазанда Израильге басып кіріп, кемінде 1200 адамды өлтірген Хамас содырларына қарсы операцияға өз еркімен қатысуға шешім қабылдаған.
90 күндік шайқастан кейін де біз ХАМАС-тың зымыран ұшыру алаңдары мен командалық пункттерін әлі де қиратып жатырмыз. Мен саясаткерлерге, БАҚ өкілдеріне және басқаларға "егер айтар жақсы сөздерің болмаса, ауыздарыңды жауып отырыңдар" деймін. Израиль халқы аман-есен, - деді актер Times of Israel газетіне.
Идан Амеди Израиль барлау қызметінің лаңкестермен күресі туралы баяндайтын әйгілі «Фауда» телехикаясында басты рөлді сомдады. Осы сериалдың продюсерлерінің бірі Газа секторында Хамаспен қақтығыс кезінде қаза тапқан болатын.