Бір ай бұрын Нобель сыйлығын алған ирандық құқық қорғаушы Наргиз Мохаммади түрмеде аштық жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл жайында оның отбасы мәлімдеген, деп хабарлайды Kazinform агенттігі BBC ресурсына сілтеме жасап.
51 жастағы Мохаммади өзіне және басқа тұтқындарға медициналық көмек көрсетуден бас тартқаны, сондай-ақ хиджаб киюге міндеттегеніне наразылық білдіріп отыр.
Өткен аптада түрме дәрігерлері оны емдеуден бас тартқан, өйткені Наргиз Мохаммади шашын орамалмен жаппай қойған.
Ол бір апта бойы түрме билігі мен сот органдарына бірнеше рет жүгінген, соған қарамастан прокурор Мохаммади ханымды емдеу үшін ауруханаға ауыстыруға қарсы болған.
«Оның жүрегі мен өкпесі сырқат, бірақ прокурор оны ауруханаға жатқызуға тыйым салды» делінген отбасы хабарламасында.
Түрмедегі сенімді дәрігердің қойған диагнозы мен эхокардиограммасына сәйкес, шұғыл медициналық көмек көрсету үшін оны кардиология орталығына жатқызу керек.
«Ауруханаға жатқызу үшін тұтқын әйелдерден хиджаб киюін талап ету адамгершілікке жатпайды және моральдық тұрғыдан іске алғысыз», — деп жағдайға алаңдаушылығын білдірді Нобель комитетінің төрағасы Берит Рейсс-Андерсен.
Иранның сот органдары мен түрме билігі оқиғағаға түсінік берген жоқ.
Иран адам құқықтарын қорғау орталығының вице-президенті Наргиз Мохаммади 13 рет қамауға алынып, бес рет сотталған және жалпы 31 жылға бас бостандығынан айырылды.
Оған сондай-ақ 154 дүре соғу жазасы тағайындалған, бірақ орындалды ма, жоқ па — белгісіз.