Өлең оқығаны үшін 7 және 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды
29 желтоқсан 2023 14:00 / Мир
Өлең оқығаны үшін 7 және 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Мәскеу соты бұл жазаны Маяковский оқуларына қатысушылар Артем Камардин мен Егор Штовбқа тағайындады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Сот оларды «ЛПР» және «ДХР» қарулы құралымдары мүшелеріне қарсы топтық қоздыру», «мемлекет қауіпсіздігіне қарсы әрекетке шақыру» бойынша кінәлі деп таныды.
Сот ғимаратының жанында бірнеше адам ұсталды. Олардың арасында журналистер де бар, НТВ және Life телеарналарының қызметкерлері де болды. Кейін журналистер босатылды.
Камардин мен Штовб 2022 жылдың қыркүйегінде Мәскеудегі Триумфаль алаңындағы Маяковскийдің ескерткішінің алдында өлең оқыған.
Тергеу оларда шақыру қағазын алмау және әскери комиссариаттарға келмеу туралы үндеулері болғанын алға тартты.
6 қараша 2026 12:18 / Мир
Еуроодақ Украинаға 4,36 млрд еуро бөлді
6 қараша 2026 11:22 / Мир
Қызын ұзатқан ата-ана тойдан қайтар жолда қаза тапты
4 қараша 2026 14:35 / Мир
Зеленский Путинмен телефон арқылы сөйлесуден және Мәскеуге барудан бас тартты
3 қараша 2026 10:47 / Мир
Із-түзсіз жоғалған 28 жастағы жігіттің мәйіті табылды
2 қараша 2026 14:25 / Мир
Германияда 3,7 миллион жұмысшы жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шықты
2 қараша 2026 12:25 / Мир