Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымының жаза мерзімі қысқарды

23 қыркүйек 2026 15:30 / Мир

Сеулдің Жоғарғы соты бұрынғы президент Юн Сок Ёльдің жұбайы Ким Кон Хиге қатысты бірінші инстанция шығарған үкімді қайта қарап, жаза мерзімін 7 жылдан 5 жылға дейін қысқартты. Апелляциялық сот оны арнайы прокурор таққан кейбір айыптар бойынша ақтап шықты,деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұған дейін арнайы прокурорлар тобы Ким Кон Хиге бірқатар айыптар таққан болатын. Атап айтқанда, құрылыс компаниясының басшысынан күйеу баласын мемлекеттік қызметке орналастырғаны үшін $73 мыңдық зергерлік бұйымдар алған. Білім беру комиссиясының бұрынғы басшысынан оны қызметке тағайындауға көмектескені үшін алтын тасбақа мүсіншесін, сондай-ақ пастордан Dior сөмкесін және кәсіпкерден Vacheron Constantin қолсағатын алған. Сондай-ақ бұрынғы прокурордан оны сайлауда кандидат ретінде ұсынуға ықпал еткені үшін белгілі суретші Ли Уфанның құнды картинасын алғаны анықталды. 

Серіктес жаңалықтары