Пашинян Путин мен Лукашенкомен қатынасты үзбекші
Армения премьер-министрі Әзірбайжанмен шекараны делимитациялауда, ҰҚШҰ-дан шығу мүмкіндігі туралы айтып, Александр Лукашенко билікте қалғанша Беларуське келмейтінін жариялауда, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұған дейін армян делегациясы Бучаға барып, ресейлік басқыншылардың қолынан қаза тапқандардың құрметіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойды.
DW-нің Балтық елдеріндегі тілшісі Константин Эггерт өз мақаласында: «Пашинянның стратегиясы Арменияны Ресейдің ықпал ету аймағынан кезең-кезеңімен шығарып, елді Батыспен ынтымақтастыққа бағыттау. Таулы Қарабақтан айырылу, шекараны делимитациялау және Әзірбайжанмен алдағы бейбіт келісімге қол қою - Пашинян елдің шығысындағы жағдайды тұрақтандыру үшін төлеуге дайын болып көрінетін баға», - деп жазады Эггерт.
Сонымен бірге, ол «Ереван Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты айтарлықтай жандандыруда», - деп атап өтті.
«Армениядағы саяси күштердің бір бөлігі Мәскеуден түбегейлі үзіліс жасап, АҚШ пен НАТО-мен жақындасуды талап етеді.
Пашинян бұл тақырыпта әлі ештеңе айтқан жоқ.
Ол одақ туралы айтудың өзі Кремльдің ашу-ызасын тудыратынын біледі.
Алайда, егер ҰҚШҰ-дан шығу іс жүзінде аяқталды деп есептесек және Арменияда Әзірбайжанды әскери қауіп ретінде қабылдау Бакумен келісімге қол қойылғаннан кейін де сақталатынын ескерсек, онда НАТО-мен жақындасудан басқа балама жоқ», - деді Константин.