Перудің экс-президенті 20 жылға бас бостандығынан айырылды
Перудің экс-президенті 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Алехандро Толедо 35 миллион доллар пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, сыбайлас жемқорлық пен ақшаны жылыстатқаны үшін 20 жарым жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Лиманың Жоғарғы соты 78 жастағы Толедоны 2001-2006 жылдар аралығындағы президенттік кезінде пара алу үшін бразилиялық Odebrecht концерніне Перу мен Бразилияны байланыстыратын тас жол салу туралы келісім-шартты жеңіп алуға рұқсат бергені үшін кінәлі деп тапты.
Президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін Толедо Америка Құрама Штаттарында тұрды. 2017 жылы Перу құқық қорғау органдары саясаткерді қамауға алуға ордер берген.
Толедо 2019 жылы Калифорнияда ұсталып, 2023 жылы Перу билігіне экстрадицияланды.
Одебрехт жемқорлық жанжалы Латын Америкасындағы ең ірісі болып саналады.
АҚШ билігінің мәліметінше, 12 елдегі саясаткерлерге берілген пара көлемі шамамен 785 миллион долларды құраған.