Қатты қорылдағанына шағымдана берген көршісін пышақтап өлтірді
Филадельфияда ер адам қатты қорылдағанына үнемі шағымданатын көршісін пышақтап өлтірген, - деп хабарлайды Arbat.media.
Филадельфиядан келген 55 жастағы Кристофер Кейси, Associated Press агенттігінің хабарлауынша, көршісі 62 жастағы Роберт Уоллеске бірнеше рет пышақ сұғып алған. Олар Кейсидің қатты қорылдағаны үшін бірнеше жыл бойы үнемі төбелесіп келген.
Кісі өлтірілген күні Уоллес әйелімен артқы аулада түскі ас ішіп отырған, ал Кейси терезені ашып қойып, қатты қорылдап ұйықтап жатқан
Уоллес терезеге барып, москит торын жұлып алып, қатты айқайлап балағаттаған.
Ақырында жағдай тынышталғандай болды: Уоллес татуласу үшін көршісіне келген. Бірақ Кейси оған әскер пышағымен есіктен кіре сала тап берген.
Полиция оқиға орнына келгенде, олар қансырап жатқан Уоллеске жетелеген қан ізін тапты. Ақыры ол ауруханада қайтыс болды, ал Кейси кісі өлтірді деп айыпталды.