Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиевке екі бап бойынша айып тағылды
Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиевке Қырғызстан Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айып тағылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы адвокат Икрамидин Айтқұлов мәлімдеген. Оның айтуынша, Қамшыбек Тәшиевке «билікті күшпен басып алу немесе ұстап тұру, сондай-ақ конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге бағытталған әрекеттер» және «қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» баптары бойынша айып тағылған.
Экс басшыға бұлтартпау шарасы ретінде елден шықпау туралы қолхат берілген. Адвокаттың айтуынша, ол өз кінәсін мойындамаған.
Сонымен қатар, бұрынғы бас прокурор Құрманқұл Зулушев пен Жогорку Кеңештің экс-спикері Нұрланбек Тұрғынбек уулу бойынша жағдай әзірге нақтыланбады. Олар да осы іс аясында күдікке ілінген еді.