Қырғызстандық футболшы украиналық ойыншыны ұрып, жағын сындырды

28 тамыз 2024 9:00 / Мир
Фото: Prosports.kg

Қырғызстан құрамасының ойыншысы Мирбек Ахматалиев Жалалабадтың «Мурас Юнайтед» командасындағы украиналық ойыншымен төбелескені үшін 5 жылға спорттан шеттетілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы AKIpress Қырғызстан футбол одағына сілтеме жасап хабарлады.

Ағымдағы жылдың 15 тамызында Бішкектегі «Селмаш» стадионында «Мурас Юнайтед» командасының жаттығуы кезінде ойыншыларға қатысты оқиға орын алғаны атап өтілді. Яғни, оқу-жаттығу жиыны кезінде Ахматалиев клубтың легионер ойыншысы Евгений Терциді ұрып, жағын сындырған.

Осыдан кейін клуб Мирбек Ахматалиевпен келісімшартты бұзу туралы шешім қабылдады.

Осыған байланысты ол 5 жылға дейін футболдан шеттетілді.

– Оқиғада клубтың шетелдік ойыншысы, жартылай қорғаушы Евгений Терци жарақат алып, жақ сүйегі сынған. Оқиғаға себепкер болған ойыншы Мирбек Ахматалиевпен клубтың еңбек қатынастарын тоқтату туралы шешім қабылданды, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, оқиғадан кейін клубтың бапкерлер штабы мен спорт директоры да жұмыстан босатылды.

 

 

Серіктес жаңалықтары