Қытай Украина мен Ресей келіссөздерінде делдал болуға дайын
Қытай Украина мен Ресей арасындағы бейбіт келіссөздерде делдал болуға дайын. Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрі Ван И Гуанчжоуда украиналық әріптесі Дмитрий Кулебамен кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Тіпті шарттар мен уақыт (келіссөздер үшін) әлі жетілмеген болса да, біз бейбітшілікті ілгерілетуге бағытталған барлық күш-жігерді қолдаймыз және қақтығысты тоқтату және бейбіт келіссөздерді қалпына келтіруде сындарлы рөл атқаруға дайынбыз», - деді Ван И, деп dpa ақпараттық агенттігі жариялады.
Өз кезегінде Кулеба Ван Иге Украинаның әділ әрі тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу үшін Ресеймен келіссөздер жүргізуге дайын екенін айтты.
Украиналық министр сонымен қатар Украина Қытай мен Бразилия ұсынған бейбітшілік жоспарын «мұқият зерттегенін» айтты.