Қытайда су тасқынынан кейін сегіз адамның мәйіті табылды
21 шілде 2024 11:00 / Мир
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында нөсер жауын салдарынан 30-дан астам адам із-түзсіз жоғалып кетті. Су тасқынынан кейін құтқарушылар сегіз адамның мәйітін тауып, төрт адамды қауіпсіз жерге жеткізді. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Табиғат апаты сенбі күні сағат 02:30 шамасында болды. 40-тан астам үйге зақым келтіріп, Яань қаласының Ханьюань округіне қарасты Синьхуа ауылының 1254 тұрғыны зардап шекті, деп хабарлады жергілікті билік, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Оқиға орнына дереу 443 құтқарушы жіберілді. Қазірдің өзінде жолдар мен байланыс жартылай қалпына келтіріліп, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетілді.
Құтқару операциясы жалғасып жатыр.
6 қараша 2026 12:18 / Мир
Еуроодақ Украинаға 4,36 млрд еуро бөлді
6 қараша 2026 11:22 / Мир
Қызын ұзатқан ата-ана тойдан қайтар жолда қаза тапты
4 қараша 2026 14:35 / Мир
Зеленский Путинмен телефон арқылы сөйлесуден және Мәскеуге барудан бас тартты
3 қараша 2026 10:47 / Мир
Із-түзсіз жоғалған 28 жастағы жігіттің мәйіті табылды
2 қараша 2026 14:25 / Мир
Германияда 3,7 миллион жұмысшы жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шықты
2 қараша 2026 12:25 / Мир