Қытайдың бірнеше банкі Ресейден юаньмен төлем қабылдауды тоқтатты
Қытайдың бірнеше банкі Ресейден юаньмен төлем қабылдауды тоқтатты. «Известия» басылымының хабарлауынша, соңғы екі айда Қытайда капиталдандыру бойынша 13-ші және 15-ші орында тұрған Ping An Bank және Bank of Ningbo тиісті қызметтерді көрсетуді тоқтатты, деп жазады басылым қаржылық ортадағы дереккөздерге сілтеме жасап, - деп хабарлайды Arbat.media.
Газет қаржы ортасындағы дереккөздерге сілтеме жасап, тағы 6 кішігірім банктің де мұндай төлемдерді қабылдаудан бас тартқанын жазады.
Бұған қытайлық банкирлердің АҚШ-тың екінші реттік санкциялар мен басқа да қысымдар енгізуден қорқуы себеп болды, деп түсіндірді газет сұхбаттастарының бірі.
Еске салайық, 2023 жылдың желтоқсанында Джо Байден Ресейге қарсы санкцияларды бұзған банктерді жазалау туралы жарлыққа қол қойған болатын.
Осыдан кейін импорттаушылар үшін негізгі есеп айырысу орталығы – Чжэцзян Чоучжоу коммерциялық банкі ресейлік контрагенттермен операцияларын тоқтатты.