Қытайлық банктер ресейлік клиенттермен жұмыс істеуді тоқтатады
Bloomberg мәліметінше, қытайлық банктер санкцияларға байланысты ресейлік клиенттермен жұмыс істеуді тоқтатады, - деп хабарлайды Arbat.media.
АҚШ Украинаға қарсы соғыста Ресей Федерациясына көмектесетін қаржы компанияларына қарсы екінші реттік санкциялар енгізуге уәде бергеннен кейін Қытайдың мемлекеттік банктері ресейлік клиенттерді қаржыландыруға шектеуді күшейтіп жатыр, деп жазады Bloomberg.
Қытайдың кем дегенде екі банкі Ресейдегі бизнесін қайта қарай бастаған екен.
Олар санкциялық тізімдегі клиенттермен қарым-қатынасты үзіп, ресейлік әскери секторға қаржылық қызмет көрсетуді тоқтатуға ниетті, дейді агенттік сұхбаттасушылар.
Тексерулер Ресей Федерациясында бизнес жүргізетін немесе үшінші елдер арқылы маңызды тауарларды жеткізетін ресейлік емес клиенттерге де қатысты болады.