Ресей СІМ шетелдегі ресейліктерге құжат беруге тыйым салу мәселесін талқылап жатыр
Ресей Сыртқы істер министрлігі шетелдегі ресейліктерге құжат беруге тыйым салу мәселесін талқылап жатыр деп жазады "Новая газета". Басылым сілтеме жасап отырған бұйрық жобасында 2024 жылдан бастап шетелдегі Ресей Сыртқы істер министрлігінің консулдық мекемелері паспорт беруді, нотариаттық қызмет көрсетуді, құжаттарды заңдастыру және жинау, азаматтық мәселелерін шешу қызметін көрсетуді уақытша тоқтату көзделген, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл әрекеттің барлығы ел ішінде ғана мүмкін болады.
Сыртқы істер министрлігі журналистердің құжаттың растығына қатысты сауалдарына әлі жауап берген жоқ.
"Новая газета" БҰҰ мәліметі бойынша 2021 жылы Ресейден тыс жерде 10 миллионға жуық ресейліктер өмір сүргенін еске алады.
Украинадағы ауқымды соғыс басталғаннан кейін Ресей Федерациясынан тағы кемінде 700 000 адам кетті.
Олардың тек 155 мыңы ғана Еуропа, Түркия және ТМД елдерінде уақытша тұруға рұқсат алған.
2022 жылы Еуроодақтан саяси баспана сұраған 15 000 ресейліктің 2 мыңы ғана алды.
Қалғандарына ресейлік төлқұжат жеке басын куәландыратын жалғыз құжат болып қала береді.
Беларусь азаматтарына шетелде құжат беруге тыйым 2023 жылдың 7 қыркүйегінен бастап күшіне енген.