Ресейде Ил-76 ұшағы апатқа ұшырады
12 наурыз 2024 19:31 / Мир
Ресейдің Иваново облысында ұшу кезінде Ил-76 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл жайында ТАСС агенттігі РФ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Агенттік мәліметінше, ұшақ құлаған кезде өртенген. Қазір өрт толық сөндірілген. Қорғаныс министрлігі ұсынған дерекке қарағанда, бортында 8 экипаж мүшесі және 7 жолаушы болған ұшақтың бір қозғалтқышы ұшқан кезде жанған. Оның неден шыққаны әзірше белгісіз. Бортта болған адамдардың бәрі қаза тапқан.
Апаттың мән-жайын анықтау үшін Ивановоға РФ Әуе-ғарыш күштері Бас қолбасшылығының комиссиясы аттанған.
6 қараша 2026 12:18 / Мир
Еуроодақ Украинаға 4,36 млрд еуро бөлді
6 қараша 2026 11:22 / Мир
Қызын ұзатқан ата-ана тойдан қайтар жолда қаза тапты
4 қараша 2026 14:35 / Мир
Зеленский Путинмен телефон арқылы сөйлесуден және Мәскеуге барудан бас тартты
3 қараша 2026 10:47 / Мир
Із-түзсіз жоғалған 28 жастағы жігіттің мәйіті табылды
2 қараша 2026 14:25 / Мир
Германияда 3,7 миллион жұмысшы жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шықты
2 қараша 2026 12:25 / Мир