Ресейден Қытайға тартылатын газ құбырының құрылысы кейінге шегерілуі мүмкін

30 қаңтар 2024 16:23 / Мир

Financial Times жазуынша, Ресейден Қытайға тартылатын газ құбырының құрылысы кейінге шегерілуі мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Сібір қуаты 2» газ құбыры жобасының негізгі детальдары бойынша тараптар әлі келісе қойған жоқ, деп жазады басылым Моңғолия премьер-министрі Лувсаннамсрайн Ойун-Эрдэнэге сілтеме жасап. Оның айтуынша, Мәскеу мен Бейжіңге «толығырақ экономикалық зерттеулер жүргізу үшін көбірек уақыт қажет». Сондай-ақ, келіссөздер газ бағасының өсуіне байланысты қиындады, деп қосты Моңғолия премьер-министрі.

Бейжің бұл ауқымды жоба туралы үнсіз, дегенмен Мәскеу «Сібір қуаты 2» құрылысын бастауға дайын екенін бірнеше рет білдірді, деп атап өтті ФТ.

Басылымның мәліметінше, газ құбыры 3550 шақырымға созылуы керек, оның 950-і Моңғолия аумағы арқылы өтеді.

Серіктес жаңалықтары