РФ ОСК: Бюллетеньдердің 99% өңделгеннен кейін Путин 87% дауыс жинады

18 наурыз 2024 15:51 / Мир

РФ Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, Ресей президенті сайлауында бюллетеньдердің 99,02 пайызын өңдегеннен кейін 87,33 пайызбен Владимир Путин алда келеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы DW жариялады.

Екінші орында 4,31% дауыспен Коммунистік партияның кандидаты Николай Харитонов. Үшінші орында «Жаңа адамдар» партиясының кандидаты Владислав Даванков 3,79% дауыспен. ЛДПР кандидаты Леонид Слуцкий 3,16% дауыспен төртінші орында.

Қашықтықтан электронды дауыс беру (DEG) нәтижесі бойынша да Путин 87,41% дауыспен жеңіске жетті.

Одан кейінгі орында 6,28 пайызбен Даванков. DEG қорытындысы бойынша Слуцкий 3,75% дауыспен үшінші, Харитонов 2,56% жинаған төртінші орынға ие болды.

 

Серіктес жаңалықтары