РФ ТЖМ: Белгородта 21 адам қаза тауып, 45 адам жарақат алды
Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, Белгородта атқылаудан 14 адам қаза тауып, 45 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков қаладағы зымыран туралы ескерту дабылының жойылғанын айтты.
Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі снарядтардан туындаған өрт сөндірілді деп қосты.
Белгородқа шабуылды Украина қауіпсіздік қызметі Ресейдің Украина қалаларын жаппай атқылауына жауап ретінде жасады, деп жазады РБК-Украина өз дереккөздеріне сілтеме жасап.
Соңғы мәлімет: Белгородта қаза тапқандар саны 21 адамға жетті, тағы 110 адам жарақат алды.
30 желтоқсанда қалаға жасалған шабуылдың салдары туралы осындай жаңартылған мәліметтерді Белгород облысының губернаторы келтірді.
Ал Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі қаза тапқандар саны 20 адам деп отыр.