Словакия премьер-министрі Роберт Фицоның жағдайы біртіндеп жақсарып келеді
Қастандыққа ұшыраған Словакияның премьер-министрі Роберт Фицоның жағдайы біртіндеп жақсарып келеді. Дәрігерлер тағы екі сағаттық ота жасады, бұл Словакияның денсаулық сақтау министрі Зузана Долинкованың айтуынша, «үкімет басшысының денсаулығына оң болжам жасауға» ықпал етті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Словакияның премьер-министрі 15 мамырда Гандлова қаласында сайлаушылармен кездесуі кезінде ауыр жарақат алды.
71 жастағы зейнеткер оған жақын жерден тапаншамен бірнеше рет оқ атқан.
Үкімет қызметкерлері Фицоның жағдайын бастапқыда «ауыр» және «өте ауыр» деп сипаттады.
Енді "жағдайы сәл түзелді" деп отыр, бірақ Фицо өз міндетіне қашан оралатыны әлі белгісіз.
Вице-премьер Роберт Калинак алдағы күндері Фицоның жағдайы оны Братиславаға жеткізуге мүмкіндік бермейтінін айтты.