Societe Generale-ның Ресейдегі активтері Потаниннің бақылауында болады

25 желтоқсан 2023 12:00 / Мир

Societe Generale-ның Ресей Федерациясындағы қалған активтері Потаниннің бақылауында болады, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
Владимир Путин өз жарлығымен Росбанкке француздық Societe Generale қаржы тобынан ресейлік 24 компанияның акцияларын сатып алуға рұқсат берді.

Оның арасында ВТБ, "Россети", "Газпром" және "РусГидро" бар.

Құжатта бағалы қағаз сатып алу ережелері мен бағасы көрсетілмеген.

Дегенмен бұл Путиннің «дос емес елдер мен компаниялардың әрекетіне» қатысты шара туралы жарлығына байланысты жасалатыны атап өтілді.
 
Societe Generale Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан кейін Ресей нарығынан шыққанын жариялаған алғашқы шетелдік инвесторлардың бірі болды.

2022 жылдың сәуірінде ол өзінің Росбанкін Путинге жақын олигарх Владимир Потанинге сатты.

Бұл мәміленің шарттары жарияланбады, бірақ кейінірек Societe Generale Росбанкті сатудан келген шығынды 3,3 миллиард еуроға бағалады.

Серіктес жаңалықтары