Тасқын: Бразилияда қаза тапқандар саны 144 адамға жетті

14 мамыр 2024 12:12 / Мир

Бразилияда нөсер жауыннан болған су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 144 адамға жетті, 125 адам із-түзсіз жоғалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Елдің оңтүстігіндегі Риу-Гранде-ду-Сул штатында өткен аптадан бері толассыз жауған жаңбырдан кейінгі су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны артуда.

Штаттың азаматтық қорғаныс мәлімдемесінде қаза тапқандар саны 137, із-түзсіз жоғалғандар саны 125-ке жеткені атап өтіледі. Жарақат алғандар саны 800 адамға жетті. Су тасқынынан 2,1 млн-нан астам адам зардап шексе, 620 мыңнан астамы қоныс аударуға мәжбүр болды.

Риу-Гранде-ду-Сул штатының губернаторы Эдуардо Лейте 3 мамырда құтқарушылар жете алмаған жерлер әлі де бар екенін айтты, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Біз тым ерекше жағдайды бастан кешіріп жатырмыз. Бұл – мемлекет тарихындағы ең жойқын оқиға», - деді ол.

Лейте қайғылы оқиғаның ауқымдылығына байланысты штатта 180 күнге «табиғи апат жағдайы» жарияланғанын және адамдарды эвакуациялау үшін үлкен жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтты.

Табиғат апатынан зардап шеккен аймақтарға екі рет барған Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва аймақтың қайта жанданатынына сенім білдірді.

Серіктес жаңалықтары