Тау бөктерінде атыс болып, 26 адам ажал құшты

25 сәуір 2025 15:25 / Мир

Үндістан мен Пәкістан шекарасында атыс болып, 26 турист қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.media POLITICO.KZ сайтына сілтеме жасап.

Екі ел арасындағы атыс Кашмирде болған лаңкестік әрекеттен кейін болған. Шабуылдан Пахалгам қаласында 26 турист қаза тапты. Олардың қатарында туристер, қарапайым халық та бар. Үндістан бұл оқиға үшін Пәкістанды айыптап, арадағы басты өткелді жапты. Сондай-ақ пәкістандықтарды визасынан айырды.

Сонымен қатар Дели Үнді өзенінің суын ортақ пайдалану туралы келісімнің күшін тоқтатты. Ал Пәкістан әуе кеңістігін жауып, Үндістанмен арадағы сауданы доғарды.

Үндістан полициясы үш күдікті содырдың есімдерін жариялап, олардың екеуі пәкістандықтар екенін атап өтті.

Үндістан Пәкістанмен дипломатиялық қарым-қатынасты бұзып, елшіліктегі жұмысшыларының санын екі есеге азайтты.

Серіктес жаңалықтары