Тбилисиде «шетел агенттері» туралы заңға қарсы наразылыққа шықты

16 сәуір 2024 10:35 / Мир

Тбилисиде «шетел агенттері» туралы заңға қарсы наразылыққа шықты. Грузия парламенті тағы да атышулы заң жобасын қарауға кірісті. Жүздеген адам парламент алдына жиналып, Еуроодақтың үлкен туын көтерді, деп жазады жергілікті БАҚ, - деп хабарлайды Arbat.media.

Шерушілер арасында журналистер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де бар.

Жиналғандар «Ресей заңына жол жоқ!», «Ресейге жол жоқ, Еуропаға - иә!» деген жазуы бар плакаттар ұстап тұр.

Наразылық акциясына 50 грузин шарапшысы да қосылды: олар бірлескен мәлімдеме жасап, «сатқындар үкіметін» отставкаға кетуге шақырды.

Сондай-ақ кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 19.00-де Руставели даңғылындағы парламент ғимараты алдында ауқымды акция өтті.

Еске салсақ, 2023 жылдың көктемінде «шетел агенттері» туралы даулы заң жобасы бірінші оқылымда қабылданғаннан кейін Грузияда мыңдаған наразылық шерулері өтіп, полиция мен шерушілер арасында қақтығыстар орын алған болатын.

Осыдан кейін парламент «Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы» заң жобасын екінші оқылымда қабылдамады, ал ілеспе «Шетелдік агенттерді тіркеу туралы» заң жобасы кері қайтарылған еді. 

Серіктес жаңалықтары