Тейлор Свифтке арналған кеште өлтірілген балалардың саны үшке жетті

30 шілде 2024 19:56 / Мир
Фото: freepik.com

Саутпорт қаласында Тейлор Свифттің шығармашылығына арналған би мастер-класы кезінде пышақпен шабуыл жасалып, қаза тапқан балалардың саны үшке дейін өсті. Бұл туралы Мерсисайд округінің полициясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Би шеберлік сағаты кезінде балаларға пышақпен жасалған шабуыл туралы бұған дейін хабарланған болатын, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Нәтижесінде екі бала қаза тапты, тағы тоғызы жарақат алды, алтауы ауыр жағдайда болған.

Оқиға Тейлор Свифтке арналған іс-шара кезінде, Англияның теңіз жағалауындағы Саутпорттағы Харт-стритте болды. Қастандық жасады әрі кісі өлтірді деген күдікпен Ланкаширдегі Бэнкс қаласынан келген 17 жастағы бозбала қамауға алынды.

Патша мен премьер-министр зардап шеккендерге шын жүректен көңіл айтып, құрбандарды еске алды.

Серіктес жаңалықтары