Толассыз нөсер: Анкара мен Стамбұлда ескерту жарияланды
Түркияның бірнеше провинциясында қатты нөсерден төрт адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алып, бірнешеуі із-түзсіз жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.
Түркияның ондаған провинциясындағы толассыз нөсерден Анкара мен Стамбұлда ескерту жарияланды.
Невшехир, Ақсарай және Кайсериде су тасқынынан үш адам мерт болған, арасында үш айлық нәресте бар.
Жабылған жолдарда көлік ішінде қалып қойған 13 адам ауруханаға жеткізілді.
Қара теңіз жағалауындағы Ақсарай, Кыркларели және Игнеадада бес тұрғын жоғалып кеткен.
Төтенше жағдайлар министрлігі адамдарды құтқару және жоғалған азаматтарды іздестіріп жатыр.
Нөсер жауын үзіліспен бірнеше күнге созылады деп отыр сарапшылар.
Су тасқынынан тұрғын үйлерді су басып, егін алқаптары, көліктер бүлініп, жолдар қираған.