Трампқа жасалған қастандық жауапкершілігін құпия қызмет басшысы өз мойнына алды

24 шілде 2024 11:00 / Мир
Фото: Kevin Mohatt/REUTERS

АҚШ Құпия қызметінің директоры Кимберли Читл Республикалық партиядан президенттікке үміткер Дональд Трампқа жасалған қастандыққа қатысты тергеу барысында отставкаға кету туралы өтініш берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы CNN ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Бір күн бұрын АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасында Трампқа қастандық жасалған шара кезінде қауіпсіздікті бұзу мәселесіне қатысты тыңдау өтті.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Читл  экс-президентке жасалған шабуылдың алдын алу мүмкін болмағаны үшін жауапкершілікті өз мойнына алып, бұл оқиғаны Құпия қызметтің ондаған жылдардағы «ең ауыр операция сәтсіздігі» деп атады.

Оның өзін-өзі сынауына қарамастан, Өкілдер палатасының бақылау комитетінің бірнеше республикалық және демократиялық мүшелері оның отставкаға кетуін талап етті.

Серіктес жаңалықтары