Трампты атқан Томас Мэтью Крукс деген кім?

15 шілде 2024 0:41 / Мир

Трампты атқан Томас Мэтью Крукс деген кім? ФБР оқ атқан адамның 20 жастағы Томас Мэтью Крукс екенін анықтады.Ол Трамп сөйлеп тұрған сахнада оқ жаудырғаннан кейін құпия қызмет оны атып өлтірді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Крукс Республикалық партияның мүшесі болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Крус оқ атылған Батлерден бір сағаттық жерде орналасқан Бетел паркте тұрған.

Ол 17 жасында солшыл демократиялық саясаткерлерді қолдайтын іске 15 доллар қиған. 

Крукстың әкесі, 53 жастағы Мэтью Крукс полициямен сөйлескенге дейін мәлімдемеден бас тартты.

Томас Крукс 2022 жылы Бетел-Парк орта мектебін бітіріп, Pittsburgh Tribune басылымының мәліметі бойынша 500 долларлық «жоғары шәкіртақы» алды.

Құқық қорғау органдары Крукстың қасында жеке басын куәландыратын құжат болмағанын, сондықтан оны басқа әдістермен анықтауға тура келгенін айтады.

«Біз фотосуреттерді қарап жатырмыз және оның ДНҚ-сын сынап, биометриялық растауды алуға тырысамыз», - деді ФБР арнайы агенті Кевин Розек баспасөз брифингінде.

Серіктес жаңалықтары