Туберкулездің ашық түрі бар мұғалім мектепте сабақ беріп жүрген
Қырғызстанда туберкулездің ашық түрі бар мұғалім мектепте сабақ беріп келгені анықталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы парламенттік әлеуметтік саясат комитетінің отырысында депутат Камила Талиева мәлімдеді.
Оның айтуынша, Білім министрлігі бұл мәселеге назар аударуы керек. Ешқандай фактіні жасыруға болмайды. Депутат бұл мәселені бұрын көтергенін айтты, бірақ ешкім сөзіне құлақ аспаған.
"Сіз бұған қалай жол бердіңіз? Білім министрлігінен фактілерді жасырумен емес, мәселені шешуді сұраймын", - деді Камила Талиева.
5 наурызда Камила Талиева Ыстықкөл облысындағы мектептердің бірінде жыл басынан бері 15 бала туберкулезбен ауырғанын айтты. Ол Ақ-Суй ауданының Курбу ауылындағы Чинтемир Осмонов атындағы мектепте оқушылар жыл сайын туберкулезбен ауыратынын айтты. Ал бұл мектепте туберкулездің ашық түрі бар мұғалім мектепте сабақ беріп келген.