Туристер түрткілей беретін Джульеттаның қола мүсінінің кеудесіне зақым келген

11 наурыз 2024 9:34 / Мир

Веронадағы Джульеттаның қола мүсінінің кеудесін туристер жиі ұстағанғандықтан, мүсінге зақым келген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Италияның Верона қаласындағы Casa di Giulietta үйінің иелері Шекспирдің әйгілі пьесасындағы Капулет отбасы тұратын үйдің сыртында тұрған әйгілі Джульетта мүсінінің кеудесінің зақымданғанын хабарлады.

Мүсін туристер арасында танымал болғандықтан зақым келген шығар, деп жазады Der Spiegel.

«Аты шыққан» Джульеттаның денесіне қол тигізу махаббатта сәттілік береді, сондықтан адамдар мүсінді көру үшін тіпті кезекке тұрады екен. 

Мүсін қалпына келтіріле ме, ол жағы әзірге белгісіз, деп жазады басылым.

Сонымен бірге, мүсіннің көшірмесі 2014 жылдан бері «Джульетта үйінің» жанында тұр - түпнұсқасын да бұрын туристер «сипалап құртқан», содан кейін оны аулаға шығарып тастаған екен. алып 

Серіктес жаңалықтары