Түркияда Instagram әлеуметтік желісі бұғатталды
Түркияда жұма күні таңертең Технология және коммуникация кеңесінің шешімімен Instagram желісіне кіруге тыйым салынды. Түркияның Birgün басылымы мұндай шешімге әлеуметтік желінің Иранда палестиналық Хамас қозғалысы жетекшілерінің бірі Исмаил Ханиенің қазасына байланысты көңіл айтуды бұғаттауы себеп болуы мүмкін деп жазды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Түркия президенті әкімшілігінің коммуникациялар бөлімінің басшысы Фахреттин Алтун Instagram-ның мұндай әрекетін «цензура» деп атаған.
Осыдан кейін Түркияның Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар басқармасы әлеуметтік желіге кіруге тыйым салған.
«Әлеуметтік желіге кіруге тыйым салудың неліктен енгізілгені және оның қанша уақытқа созылатыны туралы әлі түсініктеме берілген жоқ», деп хабарлады басылым.
Бүгінде Түркиядағы танымал ресурсқа компьютерлер мен мобильді құрылғылар арқылы кіру мүмкін емес.
Айта кетейік, 85 миллион халқы бар Түркияда Instagram қолданушыларының саны 50 миллионнан асады.