Түркияда Ливия бас штабының басшысы отырған ұшақ жарылды
24 желтоқсан 2025 12:28 / Мир
Түркияда Ливия Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал Мохаммед әл-Хаддад отырған Falcon 50 жеке ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл ақпаратты Ливияның премьер-министрі Абдель Хамид Дбейба растады.
Ұшақ ресми сапардан кейін Анкарадан Триполиге қайтып бара жатқан. Апатқа дейін экипаж Хаймана ауданы маңында шұғыл қонуға рұқсат сұраған, содан кейін бортпен байланыс үзілген. Бас штаб басшысымен бірге тағы төрт адам қаза тапты: Құрлық әскерлері штабының бастығы, Әскери өндіріс басқармасының жетекшісі, Бас штабтың кеңесшісі және баспасөз қызметінің фотографы. Анкарада әл-Хаддад Түркияның қорғаныс министрі Яшар Гюлермен кездесіп, Түркия Бас штабы бастығының ресми қонағы ретінде келіссөздерге қатысқан.
10 қараша 2026 18:29 / Мир
Серуен соңы қасіретке айналды: Бір отбасының бес мүшесі қаза тапты
10 қараша 2026 13:30 / Мир
Палестинада қаза тапқандар саны 74 640-қа жетті
10 қараша 2026 11:18 / Мир
Мигранттар мінген қайықтан 12 адамның денесі табылды
9 қараша 2026 14:42 / Мир
Мысырда екі пойыз соқтығысып, жеті адам қаза тапты
6 қараша 2026 12:18 / Мир
Еуроодақ Украинаға 4,36 млрд еуро бөлді
6 қараша 2026 11:22 / Мир