Түркиядағы металлургия зауытында жойқын жарылыс болып, 17 адам қаза тапты

11 қараша 2026 10:37 / Мир

Euronews агенттігінің хабарлауынша, Түркияның Измир провинциясындағы Алиаға ауданында орналасқан HABAŞ зауытында жойқын жарылыс болған. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс кезінде жер сілкінісіне ұқсас қатты дүмпу сезілген, деп хабарлайды Arbat.Media.

Измир губернаторы жөндеу жұмыстары кезінде көпірлі кран электрдоғалы пешке құлап, газ құбырын зақымдағанын мәлімдеді. Соның салдарынан жарылыс болып, өрт шыққан.

Оқиға кезінде зауыт аумағында 200-ге жуық жұмысшы болған. Қайғылы жағдайға байланысты бес адам ұсталып, тергеу басталды. Құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары