Украина наурыз айында Еуроодақтан 4,5 миллиард еуро алады
Украина наурыз айында Еуроодақтан 4,5 миллиард еуро алады. Бұл Еуропалық Одақтың 50 миллиард еуроны құрайтын жаңа қолдау бағдарламасы бойынша бірінші транш болады, деді Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Киевте Украина премьер-министрі Денис Шмыгальмен кездесуден кейін, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оның айтуынша, Украина билігімен сапары барысында Польшамен шекарадағы украин экспортының проблемаларын және қорғаныс саласындағы бірлескен жұмысты талқылаған.
айта кетсек, ЕО 2024 жылдың 1 ақпанында Брюссельде өткен саммитте Украинаға 50 миллиард еуро көлемінде ұзақ мерзімді көмек көрсету туралы келіскен болатын. Көмек пакеті төрт жылға есептелген, оған 33 миллиард еуро несие және 17 миллиард еуро қайтарымсыз гранттар кіреді. Қаржы алу үшін Киев демократиялық принциптер мен адам құқықтарын сақтауы керек.