Украина президенті Зеленский бункерін көрсетті
Украина президенті Владимир Зеленский соғыстың басталғанына төрт жыл толуына орай халыққа жолдау жасап, 2022 жылдың ақпанында Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін алғашқы апталарды өткізген орнын көрсетті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Зеленский Telegram-арнасында Киевтегі Банковая көшесінде орналасқан бункердегі шағын кабинетін көрсетті. Украина басшысы соғыстың алғашқы күндерінде осы кабинетте әлем лидерлерімен телефон арқылы сөйлескен.
«Осы кабинетте АҚШ президенті Джо Байденмен сөйлестім. Ол маған «Владимир, сізге шұғыл түрде Украинадан кету керек. Біз көмектесуге дайынбыз», — деді. Ал мен такси емес, қару керегін айттым», — деді Зеленский.
Зеленский Украинаны сақтап қала алғанын және бейбітшілік пен әділетке қол жеткізу үшін бар күшін салатынын мәлімдеді.