Украинада Орыс православие шіркеуіне қатысы бар діни ұйымдарға тыйым салынды
20 тамыз 2024 16:25 / Мир
Украинада Орыс православие шіркеуіне қатысы бар діни ұйымдарға тыйым салынды. Заңды Жоғарғы Рада екінші оқылымда қабылдады. 265 депутат қолдап, 29-ы қарсы дауыс берген. Заң елде Орыс православие шіркеуінің қызметіне дереу тыйым салуды қарастырады. Сонымен бірге Орыс православ шіркеуімен ынтымақтасады деген күдікке ілінген украин шіркеулеріне бұл байланыстарды үзу үшін 9 ай уақыт беріледі. Бұзушылықтар анықталған жағдайда діни ұйымның қызметі сот тәртібімен тоқтатылуы мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұған дейін Раданың гуманитарлық және ақпараттық саясат жөніндегі комитетінің басшысы Никита Потураев заң жобасының негізгі мақсаты «діни ұйымдар арқылы таралатын жаудың үгіт-насихатымен» тиімді күресу екенін мәлімдеген.
6 қараша 2026 12:18 / Мир
Еуроодақ Украинаға 4,36 млрд еуро бөлді
6 қараша 2026 11:22 / Мир
Қызын ұзатқан ата-ана тойдан қайтар жолда қаза тапты
4 қараша 2026 14:35 / Мир
Зеленский Путинмен телефон арқылы сөйлесуден және Мәскеуге барудан бас тартты
3 қараша 2026 10:47 / Мир
Із-түзсіз жоғалған 28 жастағы жігіттің мәйіті табылды
2 қараша 2026 14:25 / Мир
Германияда 3,7 миллион жұмысшы жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шықты
2 қараша 2026 12:25 / Мир