Варшавада 6 жасар қызды бэби-бокске тастап кеткен
Варшавада 6 жасар қызды бэби-бокске тастап кеткен. Суретте Элиза алтыншы туған күніне бұрымы өріліп, періштенің қанаты бар қызғылт көйлекте суретке түскен. Туған күнінен кейін, көп ұзамай, ата-анасы қызды Варшавадағы францискан монастырының нәресте қорапшасына қалдырып кеткен. Монах әйелдер қатты шошыды, өйткені олар мұндай ересек баланы ол жерден бірінші рет кездестіріп тұр. Әдетте ол жерге тек жаңа туған нәрестені тастайды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оқиға орнына полиция шақырылды. Тергеуде қыздың Варшаваның солтүстігіндегі Насельск шағын қаласында ата-анасымен бірге тұрғаны анықталды.
ФОТО: BILD
Тәртіп сақшылары оның үйіне келгенде есік алдында балалардың заттары мен ойыншықтары жиналған қоқыс дорбаларын көрген.
ФОТО: BILD
Польшаның «Факт» газетінің жазуынша, ата-ана қарызына бола осындай шарасыз қадамға баруға бел буған.
Әкесі Радек Нидерландыда мигрант болып жұмыс істейді, ал Польшада балаларына алимент төлемегені үшін екі ай түрмеде отырған.
35 жастағы анасы Виола қызбен үйде отырып, үнемі қарызға ақша алған.
Екеуі де қызынан құтылған соң, Нидерландыға қоныс аударуды жоспарлаған.
Қазір оларға қатысты тергеу жүріп жатыр, ал қыз балалар үйіне жіберілді.