Хуситтер деген кім және олар неге қол жеткізгісі келеді?
АҚШ пен Ұлыбритания Қызыл теңіздегі сауда кемелеріне шабуыл жасағаны үшін Йемендегі хуситтарды нысанаға алуымен Таяу Шығыста жанжалдың өршу қаупі төніп тұр. Германия да одақтастарға көмек көрсету үшін өзінің фрегатын сол аймаққа жіберді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Хуситтер Йеменнің ресми үкіметінің өкілі емес, елде бірнеше жылдан бері азаматтық соғыс жүріп жатыр.
Хуситтердің өзі шиит - исламның бір тармағын ұстанатын, елдің солтүстігіндегі таулы аймақтардан шыққан тайпалар одағының өкілдері.
Олар Йемен армиясынан қару-жарақ – танк, зымыран және басқа да әскери техниканы тартып алған деген болжам бар.
Йемен үкіметі Палестинаны жақтайтын ұстанымы болғанымен, хуситтер өзін одан да радикалды деп санайды.
Топтың ресми ұранында еврейлерді жек көру және АҚШ пен Израильге өлім тілеу де жарияланған.
Ал сарапшылар аймақтағы Израиль мен АҚШ-қа қарсылық осін басқарып отырған өздерінің басты меценатын Иран деп атайды.