Жаңазеландиялық «Қарт пен теңіз». Балықшы мұхитта өліп қала жаздаған

7 қаңтар 2024 17:00 / Мир

«Қарт пен теңіз». Жаңа Зеландия жағалауында Эрнест Хемингуэйдің әйгілі драмасын еске түсіретін оқиға болды. Балықшы мұхит ортасында қайықтан құлап өліп қала жаздады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы BBC жазады.  

61 жастағы балықшы Уилл Френсен қайықпен теңізге жалғыз шығып, оның қармағына үлкен марлин балығы ілінген. Балықшы оның ұзындығы 3,75 метрге, салмағы 580 келіге жеткенін айтады. Балықты көтеріп алам деп арпалысқан кезде Френсен қайықтан құлап, қайық өз бетімен жүзіп кете берген. Балықшы малдып, жүзіп, қайығын қуып жетуге тырысты, бірақеш  нәтиже болмады.

Балықшы 24 сағат бойы ашық теңізде болған.

«Әбден күдерімді үзгенде мықшыңдап жүзгенімді тоқтатып, суға шалқамнан түсіп аспанға қарап жаттым. Үстімдегі таңғажайып күннің батып бара жатқанын тамашаладым. Бір кезде ол жақын жерден жүзіп келе жатқан акуланы көрдім. Бағыма қарай жыртқыш маған көңіл аудармады», - дейді Френсен.

 

Франсен толқында қалқып, теңіз балдырларына қолына тиіп кеткен сайын оны акула деп ойлап, зәресі ұшқанын айтады.

Келесі күні ол алыстан балықшылар мінген қайықты көрген.

Өзіне назар аударту үшін ол қол сағатымен оларға қарай күн сәулесін шағылыстыра бастайды. Бағына қарай олар балықшыны байқап, құтқарып алған. Френсенді бірден ауруханаға жеткізіпті.

Серіктес жаңалықтары