Жапон экс-премьерін өлтірген адам өмір бойына түрмеге қамалды

21 қаңтар 2026 19:12 / Мир

Жапония соты бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэні өлтірген деп айыпталған 45 жастағы Тэцуя Ямагамиге өмірлік түрме жазасын кесті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ямагами 2022 жылы Нара қаласында өткен сайлауалды науқан кезінде Абэге қолдан жасалған қарудан оқ атқанын сотта мойындады. Ауыр жараланған Абэ ауруханада көз жұмған.

Адвокаттар Ямагами діни топ тарапынан қысым мен зорлық-зомбылық көрген, ал Синдзо Абэні өлтіруге "қайғы-қасіретке толы балалық шағы" себеп болған деп түсіндірген. Ямагамидің өзі Абэні "Бірігу шіркеуі" атты діни ұйымына қатысы бар деп есептегенін мәлімдеді. Айыпталушының анасы осы діни ұйымға қайырымдылық көмек ретінде 100 миллион иенге жуық (шамамен 633 мың доллар) ақша берген. Мұның аяғы отбасының қаржыдан айырылып, күйреуіне себеп болған.

Ямагамидің ісі "Бірігу шіркеуінің" ішіндегі жағдайларға қоғам назарын аудартты. Тергеу деректеріне сәйкес, ұйым мүшелерін садақа беруге мәжбүрлегені анықталған.

Серіктес жаңалықтары