Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 126 болды
8 қаңтар 2024 12:12 / Мир
Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 100-ден асты. Екі жүзден астам адам із-түзсіз жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Euronews жария етті.
Жапонияда 1 қаңтар күні елді дүр сілкіндірген жер сілкінісінен қаза тапқандар саны күннен күнге артуда.
Сенбі күні билік 126 адамның қайтыс болғанын растады.
Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқанымен, құтқарушылар тірі қалғандарды табу мүмкіндігі күн сайын азайып бара жатқанын ескертеді.
Екі жүзден астам адам із-түзсіз жоғалған.
Оларды іздеуге ауа райының қолайсыздығы — қар мен төмен температура кедергі келтіріп отыр.
Билік жалғасып жатқан жерасты дүмпулерінен бүлінген кей жолдар толығымен опырылып қалуы мүмкін екенін айтады.
6 қараша 2026 12:18 / Мир
Еуроодақ Украинаға 4,36 млрд еуро бөлді
6 қараша 2026 11:22 / Мир
Қызын ұзатқан ата-ана тойдан қайтар жолда қаза тапты
4 қараша 2026 14:35 / Мир
Зеленский Путинмен телефон арқылы сөйлесуден және Мәскеуге барудан бас тартты
3 қараша 2026 10:47 / Мир
Із-түзсіз жоғалған 28 жастағы жігіттің мәйіті табылды
2 қараша 2026 14:25 / Мир
Германияда 3,7 миллион жұмысшы жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шықты
2 қараша 2026 12:25 / Мир