Жазушы Сорокин: «Ресей элитасы ақылынан азды»
Берлин галереясында Владимир Сорокиннің «Голубое сало» романы бойынша көрме ашылған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Израильдік промпт-суретші Евгений Никитиннің жасанды интеллект көмегімен жасаған бейнелерінен Толстойды, Чеховты, Ахматованы тануға болады... Романға сәйкес, бұл болашақ зертханасынан алынған орыс классиктерінің клондары. DW Сорокиннен сұхбат алды.
Украинадағы соғыс туралы:
Ресей элитасы ақылынан азды. Толығымен. Ал болып жатқан нәрсе, әрине, солардың кінәсі. Олар бүлініп, толығымен ыдырады. Ал енді сол күйреу осы сұмдық соғысқа әкелді.
Ресей Федерациясының агрессиясына жеке жауапкершілігі туралы:
Әрине, жауапкершілікті сезінемін. Мен өзіме жиі сұрақ қоямын: нені шала істедім, нені толық жазып жеткізе алмадым, нені дұрыс істемедім?. Неге осылай болып шықты? Менің ойыиша, бәрі өзіне осындай сұрақ қояды (...). Бірақ біз бұл жағдайды басымыздан өткізуіміз керек, оянуымыз керек! Біз "аман қаламыз" деп үміттенемін.
Орыс әдебиетінің жасырын қатері туралы:
Орыс әдебиетінің қатері, шын мәнінде, біреу-ақ — қарғыс атқыр сұрақтарды қою. Екі жүз жыл бойы сұрақ берумен келеді. Және оны жалғастыруын тоқтатқан емес. Менің ойымша, қатер ескірген. Бәрінің еті үйреніп кеткен. Сондықтан Батыста орыс әдебиетін жақсы көреді.