Жерде күшті магниттік дауыл болып жатыр
Жерде күшті магниттік дауыл болып жатыр. Ол 10 мамырда басталды және 11 және 12 мамырдағы демалыс күндері де байқалуы мүмкін, дейді АҚШ Ұлттық мұхит және атмосфералық басқармасы, - деп хабарлайды Arbat.media.
Магниттік дауылға ең жоғары қарқындылық деңгейі – G5 тағайындалды.
Аномалия жоғары жиілікті байланысқа, VHF және UHF байланысына, GPS құрылғыларының жұмысына, электр желілерінің объектілеріне, ғарыш аппараттары мен спутниктік навигацияға, сондай-ақ басқа технологияға әсер етуі мүмкін.
Соңғы рет мұндай құбылыс Жерде 2003 жылдың қазан айында байқалған.
Содан кейін дауыл Швецияда электр қуатын үзіп, Оңтүстік Африкада трансформаторларды зақымдады.
Дегенмен жақсы жаңалық та бар: Жердің көптеген аймақтарында адамдар әдемі теріскей шұғыласын байқады.
ФОТО: Adam Vaughan/EPA