114 млн теңгеге жалған бренд киім сатқан
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында ірі мөлшерде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды. Сот ақпаратына сәйкес, сотталушы Х. бір журналдың бренд-директоры қызметінде жұмыс істеп жүріп, жәбірленуші К. мен танысқан. Олардың достық қарым-қатынастары негізінде, Алматы мен шетелдегі қоғамдық іс-шараларға бірге барған. Х. адамдарға өзін сән үйлер мен брендтік дүкендердің қызметкері ретінде таныстырып, оларға ресми дүкендерден бағасы төмен, түпнұсқадағы зергерлік бұйымдар мен брендтік тауарларды ұсынған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
- Ол М.-ге, оның әйелі үшін сыйлық ретінде брендтік сөмкесін ұсынған. Ер адам сотталушыға 14,5 миллион теңге аударған. Оның орнына ол сатып алу чектері мен тауардың шынайылығын растайтын құжатсыз тауар алған. Уақыт өте келе, жәбірленуші сөмкенің түпнұсқа еместігін анықтаған. Бұл факт тауар зерттеушісінің экспертизасымен расталды. Сотталушы Х.-ның дәл осындай схема бойынша тағы 7 алаяқтық эпизоды анықталды, келтірілген жалпы шығын 114 миллион тенге, - деп хабарлады соттан.
Сот сотталушы Х.-ны 190-баптың 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп таныды және оған 5 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазаны тағайындау барысында, сотталушының бұрын сотталмауы және жеңілдететін мән-жайлар ескерілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, Алматыда шетелдік туристен 77 мың теңге талап еткен таксист жазаланды.