Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған адам Грузиядан экстрадицияланды
Тергеу барысында күдіктінің мемлекеттік медициналық ұйымдардың тендерлерінде басымдыққа ие болу үшін «отандық тауар өндіруші» мәртебесін заңсыз алғаны анықталды. Күдікті ел ішінде нақты өндіріс ұйымдастырмаған. Ол мемлекеттік органдарға медициналық техниканың Қазақстанда өндірілетіні туралы жалған мәліметтер ұсынған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Шетелден әкелінген жинақтаушы бөлшектерден құрастырылған техниканы мемлекеттік медициналық ұйымдарға отандық өнім ретінде сатқан. Нәтижесінде мемлекетке 4,5 млрд теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.
Күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуде болған. Наурыз айында ол Грузия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.