17 букмекерлік кеңсе өз еркімен лицензиясын қайтарды

16 ақпан 2024 13:34 / Новости Казахстана

Туризм және спорт министрлігі дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу салаларында 2023 жылы атқарылған шараларды қорытындылады. Министрлік лудоманиямен күрес бағытында осы жылға қойылған негізгі міндеттерді кеңейтілген алқа отырысында ортаға салды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алқа отырысына Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев және тағы басқалар қатысты.

Жиында Туризм және спорт министрі халық арасында лудомания деңгейін төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

«2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ойын бизнесі субъектілерінің саны 71-ден 29-ға дейін қысқарды. Сонымен қатар түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 17 букмекерлік кеңсе өз еркімен лицензияларды қайтарды (2021 ж. - 9, 2022 ж. - 2, 2023 ж. – 6). Ал былтырғы тексеру нәтижесінде 9 букмекерлік кеңсенің, 5 тотализатордың және 1 ойын автоматтары залының лицензиясы тоқтады», деді Ермек Маржықпаев.

 

Серіктес жаңалықтары