Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жаңа жарлыққа қол қойды
Үкіметке 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін цифрлық жұмыспен қамтуды дамыту мен жасанды интеллектіні практикада қолдануды көздейтін арнайы жоспар бекіту тапсырылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Құжатты әзірлеуге әлемдік ЖИ сарапшысы Кай-Фу Лидің ұсынымдары негіз болады.
Бизнес пен ұйымдар азаматтар орындауы үшін цифрлық платформаларда қысқа мерзімді, ақы төленетін тапсырыстарды тұрақты орналастырып отырады.
2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін интернет-платформалар арқылы табыс табатын азаматтар үшін салықтық және еңбек қатынастарын реттейтін жеңілдетілген құқықтық режим жасалады.
Жаңа жүйенің алғашқы пилоттық жобалары 2027 жылғы 1 сәуірге дейін жекелеген өңірлерде іске қосылады. Ал сәтті шыққан тәжірибелер 2027 жылғы қыркүйекке қарай бүкіл ел аумағына таратылады.