18 мамырға арналған ауа райы болжамы
Мамандар 18 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arbat.media.
Абай облысында найзағай күтіледі, жел жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді. Күндіз қатты ыстық — 35°С. Облыстың батысы, солтүстігі, оңтүстігі және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында өрт қаупі жоғары, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында найзағай, облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Жел жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с. Күндіз 35-37°С ыстық болады деп күтілуде. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында қатты жаңбыр күтіледі. Кей өңірлерде жел екпіні 23-28 м/с болуы ықтимал. Солтүстік пен оңтүстік-шығыста өрт қаупі жоғары, ал батыс, шығыс және орталықта төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында күндіз қатты жаңбыр, бұршақ, шаңды дауыл болуы ықтимал.
Астанада күн ала бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Ауа температурасы түнде +14-+16°С, күндіз +17-+19°С.
Алматы қаласында күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +22-+24°С, күндіз +26-+28°С.
Шымкентте күн бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18-+20°С, күндіз +25-+27°С.